Қаңтарда көлікпен қару-жарақ таратқан үш күдікті ұсталды

Алматыда 6 қаңтарда «Көктөбе» телемұнарасының ғимаратын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды. Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты — жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған. Құқықтық тәртіп күштері стратегиялық нысанды басып алуға жол бермеді. Күдікті адам соттың санкциясымен қамауда отыр, — деді ҚР бас прокуратурасы 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов бринфингіде.

Елдос Қылымжанов Алматыдағы «Анна» қару-жарақ дүкенін тонады деп күдікке ілінген 3 азамат туралы мәлімдеді.

Олар 5 қаңтарда Lexus маркалы автокөлікпен Алматыда «Республика» алаңының алдында ұрланған қаруларды таратқан.

Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен үкім шығарылды, — деді Елдос Қилымжанов.