6 мамырда астанадағы «Қазақстан» концерт залында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Онда президент ардагер әскери қызметшілерді, қатардағы әскери қызметкерлерді, сонымен қатар барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Жеңіс күніне орай «Құрмет» мемориалды монумент алдына гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсету жоспарланып жатыр, — деді Қазақстан қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев.
Оның айтуынша, 7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.
Сонымен қатар мемлекет басшысның қатысуымен 9 мамырда Нұр-Сұлтандағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Аталған дәстүр еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады, — деді Серік Боранбаев.
Еске салайық, биыл елімізде 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күніне орай мерекелік парад өтпейді.