Басты бетЖаңалықтарНөгербек Қазыбек...

Нөгербек Қазыбек жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды

Жаңа ғана World Youth Rapid Championships 2022 Open under 18 турнирі аясындағы соңғы тур аяқталды, онда біздің шәкіртіміз Нөгербек Қазыбек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды. Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц турнирде сәттілік тілейміз, — делінген орталық шахмат клубының жазбасында.

Сонымен қатар клуб чемпионның блиц-турнирге де қатысатынын мәлімдеді.

14 жасқа дейінгілер арасында тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов қола жүлдеге ие болды. Турнир Грекияның Родос аралында 1 және 2 мамырда өтті.