Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық өнерпаз...

Қазақстандық өнерпаз «Голос. Дети» жобасында үшінші орын алды

Аталған ән сайысының суперфиналына 3 үміткер шығып, өзара бақ сынады. Жерлесіміз суперфиналда «Единственная моя» әнін орындады.

Ақтық сайыста дауыс беру нәтижесінде 40,6% 8 жасар Аделия Загребина «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы атанды. Екінші орынды 32,2% дауыспен 12 жасар София Олареско иеленді. Отандасымыз 11 жасар Сағын Өмірбайұлы 27,2% дауыс жинап жүлделі үшінші орынға тұрақтады.

Видео скрині

Жас әнші сахна төрінде қолдау білдірген барша жұртқа алғысын айтып, тәлімгері, белгілі ресейлік әнші Полина Гагаринаға домбыраны сыйға тартты.