Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген «Евровидениеге» қатысады

Димаш Құдайберген «Евровидениеге» қатысады

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева шәкірті Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы xалықаралық конкурстан кейін «Евровидениеге» қатысатынын айтты.

«Біздің екінші курс студентіміз — Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін ол Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», — деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am singer» атты xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Бірінші кезеңде ол француз тіліндегі әнді орындап, қытайлық тыңдарманды таңқалдырды. Соңғы сында үшінші орыннан көрінсе де, жалпы ұпай саны жағынан бірінші болып келеді. Димаш келесі әнін қытай тілінде орындайтынын мәлімдеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version