Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайбергенов қатысатын Қытайдағы ән байқауының кестесі

Димаш Құдайбергенов қатысатын Қытайдағы ән байқауының кестесі

Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдың Хунан телеарнасындағы «Singer2017» ән байқауының кестесі белгілі болды.

Телеарна сайтындағы мәліметке сәйкес, байқауға қатысушылар  жалпы 5 іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шығады. Әр іріктеу кезеңінде әншілер 2 айналымнан өнер көрсетеді.

Бүгінде алғашқы кезеңнің екі айналымы өз мәресіне жеткенін ескерсек,  Димашты алда әлі 4 үлкен іріктеу кезеңі күтіп тұр.

Димаш Құдайбергенов байқаудың екі кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, аспанасты елін аузына қаратқан болатын.

«Singer2017» ән байқауының  кестесі:

I кезең: 21 және 28 қаңтар.

II кезең: 4 және 11 ақпан.

III кезең: 18 және 25 ақпан.

IV кезең:  4 және 11 наурыз.

V кезең: 18 наурыз, 25 наурыз.

Финал 1, 8 және 15 сәуір күндері өтеді.

Байқау әр аптаның сенбі күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шығады.

1 пікір

  1. Жарайсың Димаш. Нағыз қазақсың. Алған бетіңнен қайтпай ән биігінен көріне бер. Витас да керемет өнер алдамы. Оны бізде құрметтейміз. Ән құдіреті сенің арқаңда биіктей берсін. Сәттілік

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version