Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
504 құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл 4 629 625 теңгені құрады.
Кеше қала жолдарында жол қозғалысы ережесін бұзған 4 жүргізуші ұсталды. Олардың ішінде 1983 жылы туған И. есімді азамат бар. Ол «Хонда» маркалы көлікпен 504 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, ер адам айыппұл төлемеген. Құқық бұзушы дереу көлік басқарудан шеттетілді, оның көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды, — деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Ресейде тіркелген көлікпен жүрген тағы бір тәртіп бұзушы ұсталды. 1988 жылы туған А.есімді азаматқа 370 рет айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы сомасы – 3 480 909 теңге. Бұл көлік те айып тұрағына қойылды.