Қазақстан мен Ресей арасында автобус қайта қатынайды

Қазақстанның Ресеймен құрлықтағы өткізу пунктерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша шектеулер алып тасталған болатын.

Халықаралық автобус қатынасы Омбы-Павлодар, Омбы-Көкшетау және Омбы-Петропавл бағыттары бойынша жаңғырады.

  • Омбы–Павлодар бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 15 сағат 00 минутта қатынайды. Омбыдан Павлодарға дейін жол жүру құны 1 400 рубль (шамамен 8 000 теңге).
  • Омбы-Көкшетау бағыты Омбы автовокзалынан 23 сәуірден бастап күнара жөнелтілетін болады. Жол жүру уақыты — 12 сағат. Омбыдан Көкшетауға дейін 953 рубльге жетуге болады (шамамен 5 420 теңге).
  • Омбы-Петропавл бағыты Омбы автовокзалынан 22 сәуірден бастап күн сайын 08 сағат 05 минутта жөнелтіледі. Омбыдан Петропавлға дейін жол жүру құны 550 рубль (шамамен 3 120 теңге).