Этномедиация жөніндегі оқу орталығын құрып, тұрақты оқу курстарын ұйымдастыру керек. Аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі сол жерде дайындықтан өтуі тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым министрліктеріне мемлекеттік басқару академиясымен, ассамблея хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, аталған мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар беруді тапсырамын. Ассамблея дайындағын медиаторлар қоғамдағы күш зорлық-зомбылықтың азайтуға, отбасылық қарым-қатынастағы құқық бұзуға тиімді қарсы тұруға, елеулі үлес қосатынына сенімдімін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамбелясының ХХХІ сессиясында.
Президент ассамблеяға адам құқықтары жөніндегі уәкілмен байланысты нығайтуды ұсынды.
Ассамблеяға адам құқықтарын қорғау саласында анағұрлым нәтижелі жұмыс істеу үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара тығыз әрекет ұйымдастыру қажет. Оның үстіне бұл институт елде басталған конституциялық реформа бойынша жуықта конституциялық мәртебе алуы мүмкін, — деді мемлекет басшысы.