Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2020 жылғы 15 шілдедегі №339-IV заңға сәйкес ұшақ апатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия тексерді.
Халықаралық заңнамаға және ҚР заңнамасына сәйкес комиссия жұмысына Нидерланд корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросының өкілдері (авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі мемлекеттік орган) және олардың кеңесшілері — нидерландтық Fokker Services B. V. компаниясының мамандары (Fokker үлгісіндегі әуе кемесі сертификатының иесі), сонымен бірге мемлекетаралық авиация комитетінің тексерушілері қатысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына және ҚР заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша қорытынды есеп Нидерланд корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, мемлекетаралық авиация комитетімен келісілді, — делінген хабарламада.
Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал.