Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті ұсталды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Алматыда Қаламбаев көшесіндегі үйлердің бірінің жанында екі мылтық пен патрон салатын қалта көмілген болып шықты.

Алматыда қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні қару-жарақ дүкенінен қару ұрлаған азамат ұсталды. Ол 1994 жылы туған С. есімді азамат болып шытқы. Ол криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті. Айғақ зат ретінде тұрғын үй маңына көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, «Remington» мылтығы, «Benelli» тегіс ұңғылы мылтығы, екі патрон салатын қалта мен сегіз патрон тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.