Алматы облысында теміржол маңынан қару-жарақ табылды

Алматы-1 стансасындағы көлік полициясының қызметкерлері Шамалган – Жыңғылды өткелінде жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қараусыз қалған ғимараттан, темір жолдан бес метр жерде 12 калибрлі «Форд 500» маркалы тегіс ұңғылы қару, 60 оқ-дәрі, бронежилет пен «Хиотей» маркалы радиостанция тапты, — деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Қару мен оқ-дәрі көрпеге оралып, үстіне қоқыс пен құм төгілген.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір күдікті адамдар іздестіріліп жатыр. Тәркіленген заттай айғақтар сараптамаға жолданды.