Елімізде жеңілдетілген ипотеканың жаңа бағдарламасы іске қосылады

Сарапшылар бағдарламаның шарттары мен кредит беру тетіктерін қарастырып жатыр. Содан кейін ғана жоба бекітуге жіберіледі. Мемлекет қазірдің өзінде жаңа бағдарламаны субсидиялауға дайын.

Қазір нарықтағы ипотека 18-19%-пен беріледі. Орташа класс үшін қолайлы мөлшерлеме 11-12%, – деді «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» төрағасының орынбасары Олжас Салықов.

Болашақ бағдарламаға 8 банк қызығушылық танытты. Ал мемлекет оны қаржыландыруға 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлуге әзір.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясында» болашақ қарыз алушы табысы шамамен 500 мың теңге болатын және ай сайынғы төлемнің 200 мың теңгесін төлеу мүмкіндігі бар қазақстандық болуы керек.

Айта кетейік, пәтерді тек жаңа үйлер нарығынан немесе салынып жатқан үйден сатып алуға болады. Бұл ретте қарыздың ең жоғары сомасы әлі белгісіз.