Басты бетҚоғамАлматы әкімдігі...

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасында қираған көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі

Алматыдағы аудан әкімдіктеріне автокөлік иелерінен 99 өтініш түскен. Оның ішінде 54 өтініш иесіне барлығы 258 миллион теңге төленген.

Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде   тағы 45 өтініш бар. Оларға ақшасы биылғы 15 мамырға дейін төленеді. Алматының аудан әкімдіктері тағы да өтініштердің түсуіне байланысты жұмысты жалғастыра беретінін хабарлады.

Өтініштерді аудандық әкімдіктері түскен күнінен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залал туралы өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн ішінде, зардап шегушінің  өзі  таңдаған тәуелсіз сарапшылар бағалайды.