Басты бетЖаңалықтарМайя Бекбаева...

Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Зәкіржан Пірмухамедович Күзиев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Семейде дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірді. Кейін әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық журналистика факультетіне түсіп, қызыл дипломмен бітірді.

Зәкіржан Күзиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС бас директоры және «Универсал» ЖШС президенті болды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалған еді.