Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Наталья Дементьева 1980 жылы 18 қазанда Көкшетауда дүниеге келген. 2002 жылы Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген («қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»). 2010 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін («Педагогика және психология магистрі») бітірген.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясында (Ақмола облыстық филиалы) тележүргізуші және редактор болып жұмыс істеген. 2016 жылы Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебін басқарған.

2021 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы VII шақырылымның мәжіліс депутаты болып сайланды.

Тауфик Кәрімов 1958 жылы 1 ақпанда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. Бірнеше кітаптың авторы. Мақалалары қазақстандық және ресейлік әдеби журналдарда және БАҚ-та жарияланады. Қазақстан жазушылар одағының, Татарстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі. Әзербайжан жазушылар одағының құрметті мүшесі. Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің мүшесі.