Атырауда оқушының соққыға жығылғанын хабарламаған мектеп директоры жазаланды

Оқиғаға байланысты дене жарақатын қасақана келтіру дерегімен қылмыстық кодексінің 107-бабы, 2-бөлігінің 8-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел тергеу шаралары күдікті ретінде 11-сынып оқушысын анықтады. Оқиғаның бүкіл куәгерінен жауап алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері, оның ішінде сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты заңға қайшы әрекеттерді хабарламағаны үшін мектеп директоры әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 127-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды, — деді прокурор Аршат Тайтуллин.

Қазір қалалық прокуратура уәкілетті органдармен бірге кәмелетке толмағандар арасында қабылданған профилактикалық жұмыстардың толықтығын тексеріп жатыр.

Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетовтің дерегіне сәйкес, науқас емдеу орнына 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында түсіп, лор бөліміне жатқызылған.

Науқасты шұғыл операциялық көмекті қажет етпейтіндігіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу келісілді. Алайда ата-анасы 26 сәуірде сағат 12:00-де баласын қолхатпен шығарып алып, Оралға ұшақпен алып кетті, — дейді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.