Басты бетЖаңалықтарҚошанов тұңғыш...

Қошанов тұңғыш президент туралы заң қашан күшін жоятынын айтты

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазір конституциялық кеңесте. Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бәрін талқылап, жұмыс тобының есебін тыңдады, содан кейін конституциялық кеңеске жіберді. Конституциялық кеңес сол жобаны жариялады. Жұмыс тобы қандай баптар ұсынып отырғанын жақсы білесіздер. Соның ішінде қазір сіз сұрап отырған бап Елбасының мәртебесі туралы ғой. Бұл жерде Елбасының мәртебесі, артықшылықтары алынып тасталды,- деді мәжіліс спикері БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында берген сұхбатында.

Оның айтуынша, тек қана осы мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сол конституцияда қалды. Ал бұл норма қабылданғанннан кейін тұңғыш президент туралы конституциялық заң күшін жояды.