Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін, — деді Ержан Байтанаев.
Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды.
Еске салайық, Рудныйдағы колледж студенттері түскі астан кейін асханада өздерін жайсыз сезінген еді. Жергілікті асханада түскі ас ішкен 70-тен аса студент жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып қаланың медицина мекемелеріне жүгінген болатын.