Маңғыстау облысында қоқиқаздар қырылып жатыр

Бейнеу ауданында мектеп оқушысы Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздардың әр жерде жатқан өлекселерін бейнежазбаға түсіріп алған.

Оқиғаға қайысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы пікір білдірді.

Оқиға бойынша «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары жедел түрде барып, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық ПБ-нің қызметкері Бейнеу ауданының аумағындағы Сам құмы және оған іргілес жатқан аумақтарды шолу жұмыстарын жүргізіп жатыр,- делінген хабарламада.