Облыстық көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, 13 сәуірде жедел ақпаратты тексеру кезінде Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының маңынан 5,45 миллиметр калибрлі 59 патрон мен 1 граната табылып, тәркіленді. Бұларды Алматыдағы қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде қаскүнемдер ұрлап кеткен,- делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.