Сонымен бірге қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына қаржы берілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.
Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы — 97 миллион теңге. Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді, — деп жазды баспасөз қызметі.