Серік Сәпиев Антикордың қоғамдық кеңесі құрамына кірді

Хабарламада кеңестің жаңа мүшесі ретінде мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловтың қосылғаны жазылған.

Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, — деді Олимпиада чемпионы.