Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндерде еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, түнгі ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендеуіне әкеліп соғатын антициклон келеді.

Республиканың қалған аумағында циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуымен жаңбыр жауады, кей жерДе қатты болады. Еліміздің шығысында және орталығында жаңбыр мен жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге мамандар болжамына сәйкес, кезеңнің соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде тәуліктік ауа температурасы біртіндеп көтеріледі — елдің солтүстік жартысында 10-18 градусқа дейін, ал батыс жартысында 20-25 градус дейін жылы болады.