Мектептерде 7 және 9 мамырда атап өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. 9 мамырға арналған мектеп линейкалары жоспарланып отырған жоқ, — делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді.