Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады

«Көліктік сервис орталығы» АҚ акциялары пакетінің 100% сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын,- делінген қаулы мәтінінде.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы.

Сонымен қатар, сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50% республикалық меншікке береді.

Bridge capital investments limited жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100% береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.