Бұл туралы хабар тарату саласындағы ұлттық операторы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, бүгін, 20 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактика жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның хабар тарату саласындағы ұлттық операторы – «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактика жұмыстарын жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы түрде тарату үшін қажет. Оған қоса, техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады.