Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің ТОП-30 теннисшілер құрамына енді

Өткен аптада 22 жасар Путинцева St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің финалына дейін шықты. Алайда ақтық ойында Франция елінің өкілі Кристина Младеновичке ұтылды. Бұл нәтиже Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингте 7 сатыға ілгерілеп, 27-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін 27-орын — (бұған дейін 31-орында болған) мансабындағы үлкен жетістік. Ал Санкт-Петербургтегі финал оның WTA сериясындағы турнирлердің алғашқысы болды.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бір сатыға төмендеп, 46-орынға тұрақтады. Ал Зарина Диас 166-орында тұр. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version