Назарбаев оқушылардың шығармашылық жұмысы қойылған көрмеге барды

Elbasy.kz сайтының хабарына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында тұңғыш президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады.

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты.

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда көпшілік алдына алғаш рет шығып отыр. Ол 28 қаңтардағы Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының кезектен тыс ХХІ cъезіне онлайн қатысқан еді.