Мұны азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарланып отыр,- делінген хабарламада.
Комитет өкілдерінің хабарлауынша, екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындалады.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.