Белгісіз біреу Минск-Алматы ұшағында мина бар екенін хабарлады

Алматы әуежайына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті.

Ұшаққа «мина қойылғаны» туралы ақпарат түскен соң, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ұшаққа «мина қойылғаны» туралы ақпарат расталмады, — деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл Алматыға түнде келген Belavia әуе компаниясының борты болатын.

Бортта 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ 3:59-да аман-есен қонды.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз