Басты бетЖаңалықтарПрезиденттің жақындары...

Президенттің жақындары ұлттық компанияларда басшы бола алмайды

Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту аясында президенттің бірқатар өкілетін қысқарту жоспарланып отыр. Соның ішінде жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу шарасы да бар.

Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілі мен апалы-сіңлілі, атасы, әжесі және немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамада жекжаттар, яғни, ерлі-зайыптының жақын туыстары үшін шектеулер белгіленген, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің тізімі президент жарлығымен бекітілгенін де еске салды. Оған министрлер мен олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік орган басшылары және тағы басқа мамандар кіреді. Ал квазимемлекеттік секторға мемлекеттің үлесі бар ұйымдар жатады.

Заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» қорына кіретін ұйымдарда немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды, — деді Қанат Мусин.

Оның айтуынша, тамыз айына дейін тиісті заң жобалары дайындалады. Ал жылдың соңына дейін қабылданады деген жоспар бар.