Басты бетЖаңалықтар«Алматы спецтехпаркинг...

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры қамауға алынды

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

Пірінбековке қатысты сот екі ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұрын таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берді,- деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сәуірдің 14-і күні Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған болатын.