Оған ақша бопсалады деген айып тағылды.
Полицияға шенеунік шағымданған. Оның айтуынша, өздерін блогерміз деп таныстырған бірнеше адам әкімшілік ғимараттағы жыртылған мемлекеттік тудың видеосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытқан. Роликті интернетке салмау үшін 500 мың теңге талап еткен.
Ақша бопсалаған блогер қылмыс үстінде ұсталды. Тергеушілер оның Toyota Camry автокөлігінен 300 мың теңге тәркіледі. Оған қарсы қылмыстық кодекстің 194-бабы (Бопсалаушылық) бойынша іс қозғалды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.