Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген мәтінде.
Заң әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға, олқылықтар мен қайшылықтары бар әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік береді. Заң жобасында үш заңға түзетулер енгізу қарастырылған.
- әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту — әскери қызметшілерге арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ұқсас құқықтар мен міндеттерді беру ұсынылды;
- аттестаттау кезінде полиграфология жүргізу;
- әскери қызметті үздіксіз атқарғанын белгілеу — әскери қызметші қызметтен босатылған күннен бастап оны қызметке қайта қабылдаған күнге дейін кемінде үш ай өтсе.