Басты бетЖаңалықтарБілім министрлігі...

Білім министрлігі тестілеу кезінде қайтыс болған мұғалім туралы айтты

Алматылық әріптесіміздің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Білім және ғылым министрлігі телеграмма жолдады. Алматы қалалық білім басқармасы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді. Әріптесіміздің созылмалы дертке шалдыққаны және оның жүрек ауруы бойынша есепте тұрғаны белгілі. Білім саласының өкілдері әріптесіміздің туыстарының үйіне барғанда оның соңғы кездері өзін нашар сезініп жүргенін, тестілеу күні таңертең де өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Жақындары үйде қалуға кеңес берген. Естеріңізге сала кетейін, мұғалімдер денсаулығы нашарлап, өзін нашар сезінген жағдайда тестілеуге бармауына немесе күнін басқа мерзімге ауыстыруына болады. Мұндай мүмкіндік қарастырылған. Айта кетсем, педагог алғаш рет 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мұғалім қызметін атқара бастаған. Сондықтан жаңадан келген мұғалім ретінде ол санатсыз жұмыс істеді және оған аттестациядан өту міндетті болмады. Біздің ақпаратымызға сәйкес, педагог өзін сауатты, талантты ұстаз ретінде танытқан. Туыстарының айтуынша, ол өз біліміне сенімді болған. Сол себепті ҰБТ-ға мерзімінен бұрын жазылған. Осындай қайғылы жаңалықтарды пайдаланып, әлеуметтік желілерде мұғалімдердің өз-өзіне қол жұмсауының бірнеше оқиғасы туралы фейктер көптеп таралып жатыр. Бұл — жалған ақпарат,- деп жазды Шолпан Каринова Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, аттестация — педагогтің біліктілігін растаудың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан рәсімі. Басқа елдердегідей, оны жүзеге асыру тәртібі уақыт талабына қарай өзгеріп келеді.

Жыл сайын білімін жетілдіретін педагогке 5 жыл сайын біліктілігін растау қиындық тудырмайды. Оның үстіне мұғалім аттестациядан өтпесе, жұмысын жалғастыра береді. Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді.