Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны азайып бара жатқанын атап өтті. Бүгінде Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і — Бостандық ауданының тұрғыны.
Ұлы Жеңіс мерекесі біз үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, екі жыл бойы пандемия салдарынан тойланбады. Биыл оны дұрыстап атап өтеміз. Ешқандай шектеулер жоқ. Әр ардагерге барамыз деп үміттенемін. Әкімдік тарапынан қолдау көрсеткіміз келеді және әрбір соғыс ардагеріне 1 миллион теңгеден бөлеміз, — деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.
Айта кетейік, биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды.