Жоғалған Франция елінің азаматы қайтыс болды.
Оқиға орнында 6 адам болған. Оның төртеуі зардап шеккен жоқ. Бір адам жарақаттанды және тағы бір адам қаза тапты. Құтқарушылар жедел-тергеу тобын күтіп жатыр,- делінген хабарламада.
Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын. Хабарламаға сәйкес, қар көшкінінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.