Түркістан облысында жалған доллар сатқан ер адам ұсталды

Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 9 300 доллар көлеміндегі ақшаны 100 долларлық банкнотпен сатып жатқан кезде қолға түсті.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігінің 3-тармағы (Ірі мөлшерде жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.

Қаржы мониторингі агенттігі жалған ақша анықталған жағдайда +7 7172 708 478 нөміріне хабарласуға кеңес берді.