2022 жылдың 7 сәуірінде Алматының Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы бойынша әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы — еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қ. Қапаров ҚР қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, А.Қ. Қапаров бірнеше рет оқу орталықтарының өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алған.
Оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, — деп толықтырды ведомство.