Сенатор: Қазақстанның сыртқы қарызы 12,2 миллиард долларға жетті

Қазіргі таңда жалпы сомасы 12,2 миллиард доллар болатын 52 қарыз бар. Бұл ретте оның бар болғаны 80%-і игеріліп отыр.

Бұл туралы сенат отырысында депутат Нұрлан Бекенов мәлімдеді.

Сенатор ағымдағы жағдайды жақсарту үшін сыртқы мемлекеттік қарыздардың тиімділігі мәселелері бойынша сенаторлардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесуі барысында әзірленген бірқатар жүйелі шараларды атап өтті.

Олардың ішінде сатып алу үдерісіне және келісім-шартты басқаруға тұрақты мониторингті жүзеге асыру, одан әрі өзектілігін жою үшін әзірленіп жатқан жобалардың сапасын арттыру шаралары бар.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз