Басты бетЖаңалықтарЕлімізде еңбекке...

Елімізде еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі

Министрлік «2022 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап осы уақытқа дейін тағайындалған жұмысқа жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 4% ұлғайтылсын, – делінген құжатта.

Бұл шешім халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қабылданды. Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.