Басты бетЖаңалықтарМи белсенділігін...

Ми белсенділігін арттыру үшін қалай тамақтану керек?

Қарапайым қант

Глюкоза —  ми жұмысының белсенділігін арттыратын зат.

Қант бағасы

Тұнық ойлап, әрнеге сергек қарау үшін біз қан құрамындағы глюкозаның (яғни қант) қажетті нормасын қалыпта ұстауымыз қажет. Ол межеден асып немесе кеміп кетпеуі тиіс. Бір қуантарлығы, адам қант деңгейіне өзі бақылау жасай алады, яғни ол сіздің еркіңізде.

Кейбір тағамдар құрамындағы глюкоза қан құрамына бірден тарап кетсе, кейбіреуіне ұзақ уақыт қажет етіледі. Роэхэмптон университетінің зерттеушісі Ли Гибсонның тұжырымдауынша, қан құрамында 25 г глюкоза болуы тиіс. Мұны бір ғана бананнан алуға болады.

Банан

Қантты әрине бананнан басқа да өнімдер бере алады. Сіздің ағзаңызды тәтті тоқаш та қантпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда олардан алынған глюкоза қан құрамында 20 минут қана сақталып, ағзадағы деңгейі тез төмендей бастайды.

Сұлы жармасы — ең тиімді таңдау. Оның құрамындағы қант ағзаға біртіндеп тарайды. Ал глюкоза деңгейінің көтеріліп, түсуі қалыпты орындалады. Бұл адамның зейінділігін арттыруға, сондай-ақ сақтауға көмектеседі.

Тағы бір маңызды факторға назар аударғаныңыз жөн. Адамда аштық сезімін реттеп тұратын лептин гормоны бар. Ол сіздің миыңызға тойғандығыңыз жайлы белгі береді. Тәтті тоқаш пен сұлы ботқасын салыстырып қарайтын болсаңыз, лептин сұлы жегеннен кейін ұзақ уақыт тойып тұрғандығыңызды сездіреді.

Тағам, сұлы жармасы

Уақыт, орта және мөлшер

  • Өнімді жұмыс істеу үшін аштық сезімін сезінбеуіңіз керек. Егер таңғы ас ішпеңіз, жұмыс күніңіздің 3 сағатын жоғалттым деп есептей беріңіз. Түскі ас уақытын күтіп, көңіліңіз бөлінеді. Бұның зияны әлдеқайда көбірек.

  • Түскі ас ішпей жұмыс істеген болсаңыз, сіз уақытқа тағы да ұтыЛАсыз. Уақытылысы тамақтансаңыз, жұмысты нəтижелі атқарасыз.

  • Түскі ас кезінде тамақтың көлеміне мән беріңіз. Көп тамақтансаңыз, көбірек ұйқыңыз келеді.

Назар аударыңыз: қатты тоймай, аштықтықты бассаңыз ғана өнімді жұмыс атқара аласыз. Асқазаныңызды мына тәсілмен алдауыңызға болады: көлемі кіші ыдысқа толтырып тамақ салып ішіңіз. Бұның әсері бар.

Сондай-ақ, көп тамақтанатындардың ортасында ауқаттансаңыз, Сіз де шамадан сәл асып тамақтанасыз.

Дәл сол тәрізді әйел адам тек ер адамдардың ортасында болса, аз тамақтанады.

Қулық

Тоңазытқыш ішін ретке келтіріңіз, көз алдыңызға бірден пайдалы тағамдар түссін. Бұның себебі: адамдар шкаф, тоңазытқышты ашқанда көзіне көрініп, асқазаны қалағынын таңдайды, сол себепті зиянды тағамдарға орын табылмасын.

Дұрыс тамақтану

Тамақтанудың алтын бес мерзімі

Сіздің күнделікті тәртібіңізде тамақтанудың үш үлкен бөлігі (таңғы, түскі және кешкі ас) және жүрек жалғауға бөлінген екі мерзімі болуы тиіс. Жүрек жалғау аштық мазасын басады. Алайда әр адамның ағзасы әртүрлі екендігін ескеріңіз. Арық адамдарда және балаларда қан құрамындағы қант тез төмендейді.

Жұмыс кезінде сұлы ботқасын жеп отыру мүмкін емес. Мұндай жағдайда тәтті тоқаш, яки самса тиімді таңдау болып көрінсе де, гликемия индексі төмен тағамдарды пайдаланғаныңыз абзал. Олар: жаңғақ, шекілдеуік, көкөністер және т.б. Сондай-ақ қара шоколадтың да қалыпты мөлшері сіздің миыңызға қуат береді.

 

Майлар туралы да ұмытпаңыз. Сымбатты көріну үшін майлы тағамдардан түбегейлі бас тартқандар ҚАТЕЛЕСЕДІ. Адам миының 60%-ы майдан тұрғандықтан, оны да қанағаттандырып отыру қажет. Алайда барлық майлар біркелкі пайдалы, яки зиянды болмайды.

Диетологтардың кеңестеріне сүйенсек, адам ағзасының рационында омега-3 майлы қышқылы болуы керек. Ол мидың жұмысына тікелей әсер етеді. Майлы балық, жаңғақ (әсіресе грек жаңғағы), зығыр майлы салаттармен тамақтансаңыз, ағзаңыздың алғысын алатындығыңызға сенімді болыңыз.