Алматының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау.
Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары болатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығу өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз, — деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.