Басты бетЖаңалықтарҮкіметте капиталды...

Үкіметте капиталды шетелден елге қайтару жөніндегі ұсыныстар талқыланды

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министрдің өкімімен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Аталған дұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді.

Атап айтқанда, қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Ынталандыру шараларының бірі – келіп түскен валюталық түсімнің 80%-іне айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді жою, резидент емес өзара байланысты тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеуді енгізу сияқты шаралар ұсынылады.

“Трансферттік баға белгілеу туралы” заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді. Одан бөлек, капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сонымен бірге капиталды елден шығаруды салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданады.