Премьер-министр контейнерлік жүк тасымалының аясын кеңейтуді тапсырды

Бүкіл әлем елдері жүктерді теміржол арқылы контейнерлермен тасымалдауға белсене көшіп жатыр. Мұны әсіресе Қытай бағытына қарай немесе сол жақтан шығатын жүктерден байқауға болады. Индустрия министрлігіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде жүктерді контейнерлермен тасымалдауға көшу мәселесін пысықтауды тапсырамын, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін ұлғайту қажеттігіне тоқталды.

Осыған орай, қаржы министрлігі ұлттық экономика, индустрия министрліктерімен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, тиісті жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын. Бірінші кезекте, бұл Достық-Мойынты және Алматы айналма станциясына қатысты, — деді премьер-министр.