Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат «102» пультіне сағат 8:59-да түскен.
Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс «ізі суымай» ашылды. Күдікті «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматының Алатау ауданы аумағында ұсталды, — деді Рустам Әбдірахманов.
Қылмыс жасалған қару тәркіленген. Кісі өлтіру себебі анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі полиция департаментінің бақылауында.