«Оған жол бергендер жазаланады». Оразалин Ақтөбедегі су тасқыны туралы

Аймақ басшысы Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың қорытындысын қатаң сынға алды.

Қаланы аралау кезінде жағдайдың бақылауда екенін, қардың уақытылы шығарылып жатқанын және су тасқынына байланысты проблемалардың болмайтынын қанша рет хабарладыңыз. Ерте көктем болуы мүмкін және топырақтың қату деңгейіне қарамастан сіз қаланың су тасқынына дайын екеніне сендірдіңіз. Мынау не? Кім жауапты болады? Барлық қажетті шараны қабылдаңыз. Бұған жол берген барлық жауапты жазаланады деп уәде беремін, — деді Ақтөбе облысы әкімі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақтөбе облысының әкімдігі (@aqtobe_press)

Сонымен қатар облыстағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел штаб отырысы өтті.