Бағдат Мусин мұның орнына заңнаманы өзгертуді ұсынды.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіндегі сұрақтарға жауап берген министр майнинг фермалары мемлекеттік салықтық преференция алғанын мойындады.
Astana Hub-та 574 қатысушы тіркелген. Оның ішінде бесеуі, түсінгеніміз бойынша, майнингпен айналысады. Соның ішінде тек бір компания майнингпен айналысатынын мойындады. Төртеуі ақпарат массивін өңдеу бойынша деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) қызметтерін ұсынатынын айтады. Шындығында егер олармен соттасса, жеңіледі, өйткені олар шынымен ақпаратты өңдеумен айналысқан, — деді Бағдат Мусин.
Бүгін мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева цифрлық активтерге қатысты заң жобасына бастамашы болды. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір оны президент әкімшілігінің мақұлдауына жібердік. Оның үстіне мемлекет басшысы салық төлейтін майнингке тиіспеуді айтқан болатын, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Astana Hub халықаралық IT-технопаркінде криптовалюталарды өндірумен айналысатын жобалар тіркелгені анықталған болатын. Олар стартап жасаушылар атын жамылып, 8,5 миллиард теңгеге мемлекеттік преференция алған.