Алматы полиция департаментіндегілердің мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталып, қамауға алынды.
Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орындарын ұйымдастыру деректері анықталды.
2 «Калашников» автоматы (АКС), «Макаров» және «ТТ» жүйелерінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді,- деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 жауынгерлік және 4 жарық шулы граната, 4 пышақ, 2 портативті радиостанция, сонымен қатар әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша алынды.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 287 бабы 3 бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр,- деді Берік Әбілбеков.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, арсенал сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі анықталады.